Мәдина Ералиева мен Болат Назарбаевқа қатысты тың дерек айтылды

Мәдина Ералиева мен Болат Назарбаевқа қатысты тың дерек айтылды

Танымал халық әртісі Майра Ілиясова марқұм Мәдина Ералиеваға қатысты тың ақпаратты бөлісті.

Өнер иесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында Болат Назарбаевқа қатысты да сұраққа жауап берді.

"Мәдина Ералиевамен дос болдым. Жеке өміріне де куә болдым. Оның ол кезде жолдасы болған жоқ, ажырасып кеткен еді. Біз Болат екеуін жақсы қабылдадық. Арсенді жалғыз өзі өсірді. Арсенмен менің қызым жасты болды. Менің жолдасым Мәдинаның кластасы еді. Содан жақсы араластық. Болат Мәдинаға қамқор болды. Оның қолы көп нәрсеге жетпей, шағын пәтерде тұрып жүргенде 150 шаршы метрлік пәтер сыйлады. Оны қазақ елі білді. Болат Назарбаев өте жақсы көрді, сүйді. Қызғанатынын да естіп қалатынбыз. Мәдинаның өзі маған, “үйде уақытында болмасам, ол кісі маған ренжіп қалады” деп айтқан еді. Бірге тұрған жоқ, бірақ қамқор болып келіп-кетіп жүретін. Ол кісі Мәдинаны сыйлап, әндерін, дауысын, өнерін жақсы көретін. Әр әншінің өз тағдыры бар. Өмір ғой", – деді Майра Ілиясова.

 

Еске салайық, композитор Қалдыбек Құрманәлі Мәдина Ералиеваның өлімін Болат Назарбаевтан көргенін жасырмаған еді.

“Мәдина Ералиева 27 қарашада қайтыс болды. 1 желтоқсанда Мұхтар Шахановтың кешінде ән айтуы керек еді. Туған әпшемдей болған әншінің өлімін Жеңіс Ысқақованың күйеуі естіртті. Ақсайда тұратын Сағира сіңлісінің үйіне барып, азан-қазан болдық. Денесін арнайы самолетпен Алматыға әкелді. Бәріміз әуежайға бардық. Облыс әкімі мені мәйітханаға жіберді. Болат Назарбаев ұшақта бірге келе жатты. Мәйітханада денесін ашты. Болат Назарбаев өлтіріп қойды ма, өзі өлді ме, білгім келді. Бірінші күйеуі Болат Атабаев көрсін дедім. Сол жағынан соққы болған. Ал Болат Назарбаевтың оң қолы сынған. Демек, Мәдина Ералиева рөлде отырған. Сонда Болат Атабаев құсып жіберді. Мен ток соққандай болдым. Болат Атабаев "Мен Болат Назарбаев қызғанып өлтіріп қойды ма деп ойлап едім, саған рахмет” деді. Айтайын дегенім, Мәдина Ералиева өз ажалынан өлген. Болат Назарбаевтың азаматтығына риза болдым. Ол жерлеуге, мейрамханаға 20 мың доллар берді. Бәрінің шығынын өзі төледі", – деп еске алды өнер қайраткері.

Барлық жаңалықтар