Курс алғандардың ең кішісі 14 жас болса, ең үлкені 78 жаста

Курс алғандардың ең кішісі 14 жас болса, ең үлкені 78 жаста
Қазақстанда кәсіби онлайн оқыту курстарын өткізетін Skills Enbek платформасына тіркелгендердің 60%-дан астамы әйелдер. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл әйелдер кем дегенде бір курсты толық аяқтап, 81% сертификат алып шығады екен. Олардың арасында рекорд орнатқан қыз-келіншектер бар болып шықты.
«Оқуын аяқтаған әйелдердің көбі Түркістан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары.Білім алушы әйелдердің орташа жасы – 38 жас, ең кішісі – 14 жас, ал ең үлкені – 78 жаста. Сонымен қатар, рекорд орнатып, 140 және 182 курсты меңгерген әйелдер де бар», - деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Барлық жаңалықтар