Көптеген қазақ қырғыз бауырлардан кешірім сұрады

Көптеген қазақ қырғыз бауырлардан кешірім сұрады
34 жасар қазақстандық блогер Айдын Түсіпов Қырғызстанның полиция бөліміне жеткізілді деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы  24.kg. сайтына сілтеме жасап. Айдын Түсіпов (суретте) әлеуметтік желіге бейәдеп сөздермен видео жүктеп таратқан. Қырғыз еліндегі “Ынтымақ” саябағында қыдырып жүрген қазақстандық блогер қырғыз қыздарына қатысты бейәдеп сөздер айтқан. Осыған байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал қырғыз блогерлері Айдын Түсіпбаевтың бұл әрекетіне наразылық танытып, “қырғыз қызының намысы- біздің намысымыз. Оны қорғау біздің парызымыз!” деп видео таратты. Бауырлас елге қыдырып барған біздің блогердің бұл әрекетіне қатысты қырғыз ғана емес, қазақ азаматтары да наразылығын білдіруде. “Күллі түркі елдерінің ішіндегі ең жақын, бір-біріне бауырмал халық еді. Блогердің бұл тірлігі өте ұят болған екен” деске қазақстандық ТикТок әлеуметтік желісін қолданушылар қырғыз бауырларынан Айдын Түсіпов үшін кешірім сұрады. Фото ашық дереккөзден алынды. https://www.tiktok.com/@ertai_iskakov/video/7361516065110658320  
Барлық жаңалықтар