"Жын мен адамның сөйлескенін көрдім" деген қоғам белсендісі сұмдық жайтты айтып берді

"Жын мен адамның сөйлескенін көрдім" деген қоғам белсендісі сұмдық жайтты айтып берді

Әлеуметтік желідегі парақшасында қоғам белсендісі, экономист Сәбит Рысбаев тылсым оқиға туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Жын мен адамның сөйлескенін көргенмін. "Ошым" бір әпкеміз ауырып қалды. Молдаға апару керек болды. Астанада Көктал деген районда ингуштардың мешіті бар. Сол жерде ингуш молда жын оқиды екен. Соған апардық. Жақсы молда екен. Бәрімізді кіргізіп оқуын бастады. Ана жерде адам сенгісіз нәрселер болды. Айқай шу. Біраздан соң молда мен ішіне жын кірген адам сөйлесті. Кәдімгідей диалог құрып жатыр. Жын сөйлегенде дауысы еркек адамның дауысына келеді екен. Әйтпесе әпкеміздің дауысы нәзік болатын. Қашан кірдің? Неге жүрсің? Қашан шығасың? Кімдер бар деп бәрін сұрап жатыр. Ана жақтан бәріне жауап қайтарады. Шық десе шықпаймын маған осы жер ыңғайлы деп қояды. Молда ары қарай сүре оқиды. Әпкеміз тоқта тоқта шығамын дейді. Сүре оқуды тоқтатса қайтадан шыққысы келмей қалады. 1 сағат шамасы оқыды. Жын шығатын болды. Сонымен қайттық. Мұнда жазу бөлек, көзбен көрген бөлек екен. Сосын молдадан сұрадым. Молдеке сіз бағана сүре оқып жаттыңыз. Маған да кіргендері бар шығар. Неге қосып оқып шығара салмадыңыз деп. Молдекең ой жоқ. Егер сенде болғанда ана сүрені оқығанда сен мұнда отыра алмас едің. Сені алып кетер еді дейді. Жалпы таза жүрген адамдарға олар жоламайды. Өзің бірдеңе бүлдірмесең болды. Кейде олар саған кірсе балалап кетуі де мүмкін. Ол кезде қиындау дейді. Ғылымда мұны қалай айтады білмедім. Өзім көзіммен көргенмін" деп жазды Сәбит РЫСБАЕВ. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар