"Сотталайын деп жатыр": Қыз зорлады деген айып тағылған Жанқош Тұрардың ісі немен аяқталды?
Өткен жылдың тамыз айында Әнару Құрманәлі есімді ару танымал боксшы "Жанқош Тұраров мені зорлады" деп мәлімдеме жасады.
Жанқош Тұраровтың үстінен қылмыстық іс те қозғалған еді. Бірақ, inbusiness.kz жазған ақпаратқа сенсек, қылмыстық іс 2024 жылдың 20 қазанында тоқтатылған. «Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жүргізіліп, сараптама қорытындылары бойынша зорлау фактісі расталмады», – делінген полиция хабарламасында.