Имамның ышқынып, бақырып шақырған азаны жұртты шошытты (ВИДЕО)

Имамның ышқынып, бақырып шақырған азаны жұртты шошытты (ВИДЕО)

Мешіттен шыққан имамның ышқынған, бақырған, бауыздалған ешкінің даусындай болған үні жұртты шошытты деп жазады Democrat.kz.

Бұл жағдай Түркияда болды. Әр бұрышта салынған мешіттердің бірінен имамның азан шақырып бақырған даусы әрі қорқынышты, әрі күлкілі еді. Төмендегі видеодан көріп, тыңдасаңыз, сіз де әрі-сәрі күйге түсеріңіз сөзсіз. Имамның бұл әрекетіне қатысты "айлығы түспей қалған-ау", "атеистерге ренжіді", "әйелімен ұрсып қалған ғой", "бұрынғыдай жұртты аузына қарата алмай, ашуланған түрі шығар" деген пікірлер жазылуда. Фото көрнекілік үшін. https://www.tiktok.com/@deniz_timedya/video/7476873090425818390?_r=1&_t=ZM-8vyHHJ9gwJL
Барлық жаңалықтар