"Имам "ғасырдың ғажап тойын" жасады дейді тамада (ВИДЕО)

"Имам "ғасырдың ғажап тойын" жасады дейді тамада (ВИДЕО)

Ел ішінде "супер тамада" деген атымен танымал асаба Сабыржан өз көзі көрген "ғажап той" туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Асабаның сөзінше, осы күнге дейін көрген ең "ұлы тойды" имам Нұрлы жасапты. "Анандай тойды ешқашан көрмедім. 21 ғасырдың ғажап тойы болды. Таразда бүкіл имам, ұстаз сол тойда жиналды. Ән айтылмады, шапалақ ұрылмады, би биленбеді, ойын жоқ. Өте опасный той бұл. Ешкім басқара алмайды мұндай тойды. Имамдар ортаға шығып, "машалла, қазақтың тойы осындай болуы керек" деді. Бүкіл туыс-дос, бала-шағама осындай той жасау керек деп айтар едім", - дейді супер тамада. https://www.tiktok.com/@shatyragangsta/video/7498734262678474039?_r=1&_t=ZM-8vy0BgpcLby
Барлық жаңалықтар