Ілияс Сариевтің тағы бір былығы әшкере болды

Ілияс Сариевтің тағы бір былығы әшкере болды
Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен "Елге көмек" қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариевке қатысты тағы бір дерек пайда болды. Елге танымал журналист Руслан Өтепбай тағы мәлімдеме жасады.   "Видеодағы аудионы Ілияс Сариев Жансұлу есімді келіншекке жіберген. Мақсаты жалғызбасты анаға несие алдыру. Алайда Жансұлу несие алып бере алмаймын дейді. Бірақ Илияс, анасының ауырып жатқанын алдыға тартып, өтініш емес, келіншекке талап қояды. Жансұлу Ілиясқа Құдайдай сеніп, оның туған қарындасына 2 миллион теңге несие алып береді. Алайда ол қыз Ілиястың қарындасы емес, сіз бен бізге таныс Ақтоты болып шығады" , – дейді журналист.
Барлық жаңалықтар