Харам кәмпиттер: Рамазанда бұларды алмаңдар дейді тиктокер

Харам кәмпиттер: Рамазанда бұларды алмаңдар дейді тиктокер
ТикТок әлеуметтік желісінде "арам мен адалды" ажыратып беруші Ильхам тиктокер Рамазан айында қандай кәмпитті алып-алмау туралы мұсылман қауымға ескертуін жасады деп жазады Democrat.kz. Ненің адал, ненің арам екенін "жақсы білетін" Ильхам бұл жолы: "Рамазан айында "Рахат" фабрикасының "Вечер" және "Рахат", "Васильек" шоколадын алмаңдар, оның құрамында коньяк бар, бұл шоколад - "харам". Келесі кезекте "живинка" және "крем йогурт" кәмпитінің құрамында кармин бояуы бар. Бұл кармин бояуды кошиниль атты жәндіктен алады. Мармеладтардың ешбірін алмаңдар, бәрінің құрамында кармин бояуы бар", - дейді. Фото көрнекілік үшін. https://www.tiktok.com/@ilkham_blog/video/7476379641238883639?_t=ZM-8uLhZPcCRmB&_r=1
Барлық жаңалықтар