"Халал зинақорлық" етегін кеңге жаюда

"Халал зинақорлық" етегін кеңге жаюда
Қазақстанда тек мұсылман еркек-әйелдердің танысуына арналған арнайы сайттар аз емес екен деп жазады Democrat.kz. Басқа танысу сайттарынан олардың айырмашылығы - ондай жерлерде тек мұсылман еркек-әйел ғана өздеріне жұп іздейді. Әлеуметтік желіде жарнамасы жер жарып тұрған сондай сайттың бірнешеуіне тіркеліп, шошынып, жаға ұстадық. (Төменде 1-2-еуінің сілтемесін көрсеттік) Телеграм арнасында бірнешеуі бар екен. Сол жердегі 2-3 жігітке қыз болып, 2-3 қызға еркек болып хабарласып көрдік. Біз сөйлескен еркектің үшеуі де, сонымен қатар топтағы жазбаларда да өзіне екінші, үшінші, төртінші әйел іздеп отырғандар. Еркектердің бір ғана талабы бар - "мен не айтсам, соны орындайсың". Қай мағынада екенін сұрастырып көріп едік, "кез келген мәселеде менің айтқаным - заң!" деді. Өзін Ибрагим деп таныстырған еркектің қазір екі әйелі бар. Екі әйелінен 7 баласы бар. "Бөлек пәтер жалдап беремін. Сол жерде тұрасың. Имам некесін қиямыз. Қалаған күні саған барып тұрам. Менің рұқсатымсыз үйден аттап басып, шықпайсың",- деген Ибрагим дәл қазір Батыс Қазақстан облысында тұратынын айтты. Өзіне күйеу іздеген 24 жасар орлдық Раяна есімді қыз: "Екінші, үшінші әйел болуға қарсы емеспін. Ең бастысы, мені материалдық тұрғыдан қамтамасыз етіп отырсаң болды. Бар айтқаныңды орындаймын" ,- деп елпілдеп отыр. 14 жасынан бері намаз оқиды екен. "Ата-анам да намазхан. Анам да, мен де хиджабтамыз",- деген Раяна тек мұсылман еркекке жар болуды қалайды. Ресми неке, заң дегенді шетке ысырып тастаған мынадай топтың мүшелері жүз мыңдаған адам. Бәрінің ұстанымы ұқсас. Еркегі 3-4-інші әйелмен неке қию болса, ал қыздар 3-4-інші әйел болуға дайын. Имам некесін қиып жіберіп бірнеше әйелді қойнына алу - зинақорлық емес қой, солай ма? Арада топырлап дүниеге келіп жатқан балалардың обалы жоқ па? Бұл қалай? "Әншейінде қысқа етек көйлек киетіндер - жезөкшелер, қоғамды солар бұзып жатыр, Ислам дінін қабылдаса, әлем ғажайып болады" деп әлеуметтік желіде зарлап отыратын дүмшелердің түпкі ойын қалай түсінбек керек? Қыз біткенді хиджабқа орап, тозақпен қорқытып, қалағанын 4-5-інші әйел етіп, қаламағанына "талақ" айтып, тайраңдап жүру емес пе? Сіз қалай ойлайсыз? Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.  https://nikahplus.com/ https://kz.muslimvows.com/ https://www.tiktok.com/@konfess.nura/video/7394342365676293382?_r=1&_t=8oF9aAuXXJl
Барлық жаңалықтар