Гүлмира Әбіқай: Кеткен қыздың артынан жөнсіз киім апаруды қою керек

Гүлмира Әбіқай: Кеткен қыздың артынан жөнсіз киім апаруды қою керек
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. «Негізі, киімсіз қыз жоқ. Әйел үшін көйлек — әшейінде көп болады, киейін десең жоқ болады. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар демекші, осы кеткен қыздың артынан жөнсіз киім апаруды қою керек сынды. 4 мезгілге 4 түрлі киімді қызыңыз киіп үлгермейді, жас келін жүкті болады, өлшемі өзгереді. Баласын емшектен шығарып, вечерге қайта қосылғанша бұл көйлек-көншек сәннен қалады. * Табысы мол, жақсы қызметтегі өзін-өзі асырап жатқан қыз болса еркі білсін. Ал, онсыз да ұзатуды кредитке жасап, артынан қарызданып-қауғаланып киім апару түкке қажет емес! * Кешегі қыз, жаңа әулетке келін. Жас келінді сынамай сыйлап, жаңа жұрты киімін жаңартып, күйеуі тозғанын бүтіндеуі парыз. **** Артынан киім әкелмеді, әкелген киімінің сиқын қара т.б. деп кінәлайтын ата-ене оригинал бренд топтамасын апарсаңыз да ілік табады. Мәселенің бәрі киімде емес, қарап тұрсаң тым ерсі әрі ысырап. Қыздың кроссовкиі төрде отырған 6 кемпірге түк қажет емес, мысалы. Киімі бар болсын, жоқ болсын, келінді киіміне емес ибалы мінезіне қарап бағалаймыз! Соңғы кезде үйіп-төгіп қыз артынан апарған киімдерді уақытша жалға алу деген шығыпты. Құдалық біткен соң, этикеткасы бүлінбеген киімдерді қайтадан өткізе салады. Мұндай көзбояушылық кімге қажет, содан екі жас бақытты болып кете ме», — деп жазды журналист.  
Барлық жаңалықтар