Ерке Есмахан өзін "мақтаншақ" дейтіндерге жауап берді

Ерке Есмахан өзін "мақтаншақ" дейтіндерге жауап берді

Танымал әнші Ерке Есмахан өзін “мақтаншақ” деп сөз ететін оқырмандарына арнап, жазба жариялады. 

Өнер иесі үнемі қымбат дүкендерде жүретінін көрсететін еді.

"Мақтаншақсың" деп жазып жатасыздар ғой маған. Ондайым бар енді, мойындаймын. Менің жүріс-тұрысым, өмірім-өнерім, іс-қимылым, киім-кешегім бәрі бір мақтаншақтыққа жататын шығар. Бірақ ол – менің күнделікті, жай ғана қалыпты тіршілігім. Өзім де таңғаламын. Сондай жақсылықтарға мені лайық көрген Аллаға сансыз шүкір. Сіздердің де өмірлеріңіз мақтанып жүретіндей берекеге толы болсын. Барлығын молынан нәсін етсін Алла", – деді Ерке Есмахан.

Барлық жаңалықтар