Ең арзан пәтер қай қалада?

Ең арзан пәтер қай қалада?
Қазақстан қалаларындағы пәтерлер бағасының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz. Krisha.kz агенттігі еліміздегі қайталама нарықтағы пәтерлерге ұсыныстың орташа бағасы 7 миллион теңгеден 42.5 миллион теңгеге дейін екенін анықтаған. Ең арзан тұрғын үй Қызылордада болса, ең қымбат тұрғын үй Алматыда орналасқан. Пәтерлердің орташа бағасы: Krisha.kz аналитикалық қызметі мәліметінше, орташа баға динамикасы жыл басынан бері тұрақты. Қаңтардан маусымға дейін 10 қалада пәтер арзандаған: Қызылордада: -3 пайыз; Семейде: -1,9 пайыз; Шымкент, Қарағандыда: -1,7 пайыздан; Алматы: -1,3 пайыз; Атырау: -1,2 пайыз. Қостанай, Өскемен, Павлодар, Тараз қалаларында – 1 пайыз мөлшерінде. Бұл ретте, бағалар алты қалада өскен, ең көбі Петропавлда (+4.7 пайыз), Ақтауда (+3.1 пайыз), Орал қаласында (+1.9 пайыз). Астанада бағалар өзгерген жоқ.
Барлық жаңалықтар