Еліміздің бірнеше өңірінде дабыл қағылады

Еліміздің бірнеше өңірінде дабыл қағылады
Еліміздің тоғыз өңірінде ауқымды сейсмикалық жаттығулар өткізіледі, Democrat.kz.ақпараттық порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 3-4 маусымда сейсмикалық қауіпті өңірлерде, яғни Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында "Жер-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. "Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында орналасқан", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 3 маусымда сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін өңірлерде "Баршаның назарына!" сирена сөйлеу құрылғылары іске қосылады. Сондай-ақ, адам көп жиналатын нысандарда сейсмикалық жаттығулар өткізіледі. "Оқу-жаттығу төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі. Бұл іс-шараға республикалық және өңірлік азаматтық қорғау қызметтері, жергілікті атқарушы органдар қатысады. Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер, далалық медициналық ауруханалар көрсетіледі", - деп жазылған хабарламада. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Барлық жаңалықтар