Дүкеннің қарыз дәптері: Рамазан айында бүкіл қарызды өшіртті

Дүкеннің қарыз дәптері: Рамазан айында бүкіл қарызды өшіртті
Мұсылман қауымы қайырымдылық, жақсылық жасау айы деп білетін Рамазан айында әркім өзінше бір сауапты іс атқарғысы келетіні белгілі. Түркияның Хатай өлкесінде бір сәтте халықтың бүкіл қарызын жауып, өшірткен адам жұрттың алғысына бөленді деп жазады Democrat.kz. "Таңғалдым. Рамазан басталған күні кешкісін бір кісі келіп, "дүкендегі қарыз дәптерін шығар, қанша қарыз? Барлығын қазір мен төлеймін" деді. 1 млн 600 мың (22 млн теңгеге жуық) Түрік лирасынан астам қарызды әп-сәтте төлеп, шығып кетті" дейді дүкен иесі. Дүкен иесі сол сәтте дүкеннің сыртына "Бүгіннен бастап бұл дүкенге қарыз кісілердің барлық қарызы өшірілді" деген жазба іліп қойды. Ал осыған дейін ас-суын дүкеннен қарызға жаздырып, онысын өтей алмай жүрген қарапайым азаматтардың қуанышында шек болмады. Жүректен шыққан шынайы алғыстарын "жақсылық жасаушы адамға" сырттай жаудырып жатыр. Фото көрнекілік үшін. https://www.tiktok.com/@ensonhaber/video/7477128319645928711?_r=1&_t=ZM-8uNS6dU9ZHa
Барлық жаңалықтар