Димаш хабарландыру жасады

Димаш хабарландыру жасады
Әнші Димаш Құдайберген Астанада концерт бермекші, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның халық әртісі Instagram-дағы парақшасында жазды. "Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүниежүзінің 100-ден астам мемлекетінен түрлі сайысқа қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшылар келеді деп жоспарланып отыр. Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, "ДимашАли" шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен "Астана аренада" менің Stranger атты жеке концертім өтеді", - деп жазды ол. Әнші билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері жарияланатынын және өзінің ресми аккаунттарыма назар аударып жүруді ескертті. "Концертте кездесейік, достар!", - деді әнші. Фото интернеттен алынды. 
Барлық жаңалықтар