Депутат "Штрафстан" дегені үшін қатты өкініпті

Депутат "Штрафстан" дегені үшін қатты өкініпті
Депутат Азат Перуашев алдында ғана Қазақстанды «Штрафстан» деп айтқаны қате болғанын мойындады, деп хабарлайды Orda.kz. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды мазақ қылуға бейім азаматтарға қатаң ескерту жасап, бұл үрдістің күшейіп бара жатқанын айтты. Сондай-ақ, тіпті кейбір депутаттардың да елді түрлі атаулармен келемеждеуге көшкенін сынға алды.  
«Сәтсіз термин қолдандым. Бұл бізге парламентте ресми тіл қолдану керек екеніне сабақ болды», – деді Перуашев.
Сонымен қатар, президенттің кешегі ескертпесі орынды екенін айтты.
Барлық жаңалықтар