Танымал әнші Мақпал Исабекова шетелдегі демалысынан кейін оқыс оқиғаға тап болды.
Өнер иесі кішкентай қызының ауырып қалғанын айтты. Демалыстан оралған бойда ауруханаға түскен.
"Таңертеңнен бері Илайдың температурасы түскен жоқ. Бізді ауруханаға жатқызды. Барлығына жұмыс туралы жауап беруім керек еді, мені жоғалтып алмаңыздар! Жағдайы жақсарған кезде хабарласамын", – деп жазды әнші.
Одан кейін балалардың ауырмауын тілеп, жазба арнады.
“Балалар ауырмасын! Құдайға шүкір, не сапарда, не жолда басталған жоқ. Құдайға шүкір, үйде, мына ауруханада, дәрігерлердің бақылауында болды. Өзімді жайлы сезінемін", – дейді ол.