Бүркіттің анасы неге жылады?

Бүркіттің анасы неге жылады?
Танымал әнші Бүркіт (шын аты – Айбек Жансейітов) бүгін әйелін перзентханадан шығарды. Бірнеше күн бұрын көпбалалы әке атанған отағасы Instagram желісінде видео жариялады, одан Бүркіт пен Айшаның (Виктория Жансейітова) жаңа туған қызымен бірге үйге кіріп бара жатқанын көруге болады. Келіні мен немересін қарсы алған Бүркіттің анасы Айша Көпжасарованың қуаныштан көңілі босап, көз жасына ерік берді.
"Үйге келдік аман-есен келдік. Мамамның көңілі босап кетті», - деп жазды әнші.
Ол жұбайын перзентханадан ешкімге айтпай шығарып алғанын атап өтті. Желі қолданушылары жұлдызды отбасыға ақжарма тілектерін айтып жатыр.
"Бүркіт, Аиша қуаныштарыңыз ұзағынан болсын! Бөпеңіздің бауы берік болсын!!! Бақытты қыз болсын. Ана шіркін сондай ғой, перзенті үшін қуанса да көзіне жас алады», - деп жазды олар.
Еске сала кетейік, қазақ эстрадасының танымал өкілі, Бүркіт атымен танылған Айбек Сейітов қызды болды. Өнер иесі әлеуметтік желіде көптен күткен қуанышын бөлісіп, елден сүйінші сұрады.
Барлық жаңалықтар