Боксшы Асланбек Шымбергенов өзіне дәрі салғанын айтты

Боксшы Асланбек Шымбергенов өзіне дәрі салғанын айтты

Бокстан әлем чемпионы, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы мүшесі Асланбек Шымбергенов 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында алғашқы жекпе-жекте не себепті жеңіліп қалғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Олимпиада алдындағы оқу-жаттығу жиынында ауырып қалдым. Бір апта бойы ыстығым түспеді. Мұндай  жағдай бұрын-соңды болмаған, ол бір-екі күнге созылатын. Біздің дәрігерлердің бәрі шошып кетті. Неше түрлі дәрілер берді, көмектеспеді. Содан кейін біздің команда ХОК-тың допингке қарсы агенттігіне ресми хат жазып, "біз Асланбекке бір препарат егеміз, ол допинг ретінде шығуы мүмкін" деп ескертті, олар рұқсат берді. Содан кейін ғана өз-өзімен келдім. Менің жеңілуіме осы дерт себеп болды деп есептеймін», - деді Шымбергенов YouTube-тегі «AQYRYS SEITQAZY» каналында.
Еске салайық, бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарының алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшыраған болатын. 71 келі салмақта ол иорданиялық Зейяд Ишаиштан жеңіліп қалды. Олимпиада ойындарының алдында қазақстандық боксшы алтын жүлдеге үміткерлердің бірі ретінде аталды.
Барлық жаңалықтар