«Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі таратылды

«Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі таратылды
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы талабын қарады. Құрылу мерзімі: Бірлестік 2021 жылғы 11 қазанда мемлекеттік тіркеуден өткен. Құрылтайшылар: Бірлестіктің 10 құрылтайшысы болған, алайда тергеу барысында олардың 9-ының атынан Қайрат Перизаттың өзі қол қойғаны анықталды. Сараптама қорытындысы: Қылмыстық іс аясында жүргізілген қолжазба сараптамасы бұл деректі растады. Заңнамаға сәйкес тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 49-бабына сәйкес, заңды тұлға оны құру кезінде жойылмайтын сипаттағы заң бұзушылықтар анықталған жағдайда сот шешімімен таратылуы мүмкін. ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы бойынша, құрылтайшылар туралы шынайы емес мәліметтер көрсету – заңды тұлғаны таратуға негіз болып табылады. Сот шешімі Сот «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім шығарды. Алайда, шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Барлық жаңалықтар