Бишімбаевқа қатысты жалған ақпарат тарады

Бишімбаевқа қатысты жалған ақпарат тарады
Әлеуметтік желіде азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы тергеу изоляторында төбелес шығарды деген ақпарат тарады. Azattyq Rýhy  Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен мұның рас-өтірігін білді. Желіде тараған мәліметке сүйенсек, Бишімбаев изоляторда бірге отырған камераласымен сөзге келіп, оған дене жарақатын келтірген. Алайда ҚАЖК бұл ақпаратты жоққа шығарды. «Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді», - делінген хабарламада. Фото интернеттен алынды.
Барлық жаңалықтар