Бір күндік образы - 259 млн 616 мың теңгелік блогер кім?

Бір күндік образы - 259 млн 616 мың теңгелік блогер кім?
Жансая Махабаева есімді блогер танымал кәсіпкер, тележүргізуші Динара Сәтжанның бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді, - деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы Massaget.kz -ке сілтеме жасап. Блогер есептеген сома айтарлықтай көлемде шықты. "Динара Сәтжанның мына образы қанша тұрады деп ойлайсыз? Әдеттегідей, киімнен бастайық, мына комбинезон Acne Studios брендінен, бағасы - 700 мың теңге. Күртешесi Maison Margela брендінен, бағасы - 228 мың теңге. Ал көзілдірігі Saint Laurent Eyewear, бағасы  - 263 мың теңге. Белдігі The Row брендінен, бағасы - 275 мың теңге. Қолғабы Fendi брендінен, бағасы - 350 мың теңге. Ал енді ең қызық жері - әшекейлердің бағасына көшейік. Сағаты Bulgari брендінің Serpenti топтамасынан, толық гауһар тастармен апталған, бағасы - 70 миллион теңге. Алқасы да осы топтамадан, бағасы - 95 миллион теңге. Білезіктері де осы топтамадан, біріншісі - 57 миллион теңге, ал екіншісі - 21 миллион теңге. Сақинаның бағасы - 9 миллион 500 мың теңге, екіншісі - 5 миллион 300 мың теңге. Сонымен, барлығы - 259 миллион 616 мың теңге", - деді блогер. Фото интернеттен алынды.  
Барлық жаңалықтар