"...бір жерге жинап, өртей салса, обалдары жоқ" деді қоғам белсендісі

"...бір жерге жинап, өртей салса, обалдары жоқ" деді қоғам белсендісі

Қоғам белсендісі, экономист Сәбит Рысбаев парақшасында жұртқа ой саларлық жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Билікті жамандаса ғана жақсы адам деген түсініктен арылу керек еді. Мемлекетпен байланысы бар. Миллиондарды айналдырып жүрген кез келген адамның арты таза емес. Еңбегі сіңді ғой. Атақты актер. Бірдеңе - шірдеңе деп ақтаудың өзі дұрыс емес. Сондай атақты шалдар жас тоқалдармен, қымбат коттедждерде, шетелде қыдырып жүреді. Олардың айлығымен Қазақстанның өзінде бір жанұяны зорға асырайсың. Мыналардың жағдайы бес. Атақты актер еді деп 60-70 тегі шалға ешкім тоқал болғысы келмейді. Ақшасы қызықтырады. Парижде қымбат вино ішкісі келеді. Аталар мына жақта бюджетті кеміреді дегендей ғой. Кино мино деп ақша түсіреді. Соны жеп қояды. Тендер деген көбінесе таныс арқылы шешілетін дүние. 10 миллионнан асқан тендер, лот легендерді таныссыз тірі ала алмайсың. Мен демократпын, мен ұлтшылмын бірақ 100 миллионға тендер алдым, 300 миллионға мемлекеттің есебінен кино түсіріп жатырмын дегендерді бір жерге жинап өртей салса обалдары жоқ. Мен бір айлықпен жүрмін. Қатын бала шағам шетелде тұрады дегендерді қастарына қоса салу керек", - деп жазды Сәбит Рысбаев. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар