Бас мешіттегі былықтар: Мүфти Наурызбай қажы бұл мешіттің имамынан қорқа ма?

Бас мешіттегі былықтар: Мүфти Наурызбай қажы бұл мешіттің имамынан қорқа ма?

Бас мешіт неге «көрпесіне қарап көсілмейді»? Бас мүфти Наурызбай қажы «Назарбаев мешітінің» бас имамынан жасқана ма?

Мынау видеодағы Астана қаласындағы Республикалық бас мешіттің іші. Мешіт аумағы 10 га жерді қамтиды, мешіттің өзі - 68 062 м². Ауласын қосқанда мешіттің сыйымдылығы 235 мың адамды құрайды. Сыйымдылығы бойынша Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт - осы. Кейде мұны Нұрсұлтан Назарбаевтың мешіті деп те атайды. Видео түсіріп жүрген қазақ мешіт ішін тазалауға бір адам ғана бөлінгеніне ренжиді. Кейбір тұстарына арқан керіп тастапты. Намазға келген жамағаттың тас плитамен жалаңаяқ жүріп суықтайтынына қынжылады... Бас мешіт жөнінде менің айтпағым басқа. ҚМДБ-ның құрылымдық жүйесі бойынша Бас мешіт Астана қаласының бас имамына бағынбайды. Неге екені түсініксіз, Бас мешіт «өзінше бір төбе». Мешіт 2022 жылдың тамызында пайдалануға берілді. Сол кезде Бас мүфти Наурызбай Өтпенов Бас мешітке бас имам етіп Қанат Қоянбайұлы Қыдырминді тағайындаған. Бас имам Қанат Қыдырминнің есім сойы Салатанат Нүкенованы айуандықпен өлтірген Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісінде қылаң берді. Бас имам марқұм Салтанат пен Қуандықтың шариғи некесін бір емес, екі мәрте қиып берді. Сол кезде Қ.Бишімбаевқа Бас мешіттің бас имамы Қ.Қыдырмин берген шариғи неке куәліктің бірін журналистер іздеп тауып жариялады. Шариғи неке қию туралы бас имам Қ.Қыдырмин ҚМДБ нұқсаулығын өрескел бұзса да оған Бас мүфти Наурызбай Өтпенов тиісті шара қолданбады. Соңы адам өліміне ұласқан Салтанат-Қуандық арасындағы ұрыс-керістің түпкі себебі некелесудің заңды (АХАТ) немесе заңсыз (шариғи) мәселесі болуы мүмкін деген аргументті болжамды сот ескермеді. Екі мәрте шариғи неке қиған Бас мешіттің бас имамы да, оның бастығы Бас мүфти де сотқа тартылмады, тіпті екі діндар қиямпұрыс қылығының себебін жалпақ жұртқа түсіндірмеді де. Мүмкін бұл екеуінен Алланың сотында – қияметте жауап алынатын шығар... Анығын Ақорда біледі. Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист. Фото көрнекілік үшін. https://www.tiktok.com/@85carat/video/7504005184415173943?_t=ZM-8wOXS5Fr2v7&_r=1
Барлық жаңалықтар