"Баланың санасын дінмен улап, құқығын бұзып отыр" дейді

"Баланың санасын дінмен улап, құқығын бұзып отыр" дейді
ТикТок әлеуметтік желісінде НұрИман-Қожа атты желі қолданушы өз парақшасында кезекті бір видеосын жариялап жұрттың ашуына тиді деп жазады Democrat.kz. НұрИман Қожа бұл жолғы видеосында екі баласының басына сәлде орап: "Мүшриктердің мұсылманнан айырмашылығы - басындағы сәлдесі" деп үйретіп отыр. Мұнан басқа да видеоларында діндар НұрИман 3-4 жасар титтей балаларына азан шақыртып, намаз оқытып, құран жаттатып отырғаны бар. Сондай-ақ діндар бастауыш сынып жасындағы қыздарын хиджабқа орап тастаған. "Сәлде туралы" видеосынан басқа видеоларының бәрінде пікір жазу тетігін өшіріп тастапты. Жұрт пікір жазу тетігі ашық кезде "сәлде" туралы видеоның астына "бұл - бала құқығын бұзу", "кіп-кішкентай балалардың санасын дінмен улап жатыр" деген сыңайда пікір жазған болатын. Алайда көп ұзамай, НұрИман діндар ол видеоға да пікір жаза алмайтындай етіп, жауып тастады. Дайындаған - Әлия БОЛАТҚЫЗЫ. Фото видеодан скринделді. https://www.tiktok.com/@nur_363koja/video/7462079826606705926?_t=ZM-8tSo2f8KrGH&_r=1  
Барлық жаңалықтар