Баланың лудоман болуына өзіміз жол беріп отырмыз

Баланың лудоман болуына өзіміз жол беріп отырмыз

Бір күні 4-класс оқитын жиенімді ертіп алып "Small" сауда үйіне барып, азық- түлік алып шығып келе жатыр едік, "тәте, маған 200 теңге беріңізші" деді, беріп едім, алдында тұрған автоматқа салды да, үлкен жұмсақ ойыншықты қысып ала беріп еді, ойыншық қысқышынан түсіп кетті.

"Неге үлкен ойыншық алмақшы болдың, кішкентайын алмадың ба?" деп едім, тағы 200 теңге сұрады , қиылып тұрған соң беріп едім. Бұл жолы кішкентай ойыншық таңдады , оны қысып алып көтере бергенде , жалп ете қалды. "Таста , бұл саған оңайлықпен ойыншық берейін деп жатқан жоқ, енді жолама бұндай затқа" деп, шығып кеттік. Былтырдан бері сондай автоматтар бізде де қаптап кетті, аттасаң магазин , кофехана солардың алдында бір -бір , "Хватайка " автоматы.
Ол аппараттың алдында 5 жасар баладан бастап, 15 жасқа дейінгі балалар тұрады. Кішкентай балалардың ата-анасының "жоқ" дегенін тыңдамай жыламсырап бірнеше рет ақша салып жатқанын көріп жүрмін , естияр балалар да каспи QR мен ақша салып жатқанын , ойыншық ілінбеген сайын ерегісіп ақша салып жатқандарын көрдім.
Енді бұл бизнестің артында кімдер тұр? Осы бастан "Хватайка" автоматын құртпаса кейін кеш болады. "Хватайка" автоматынан бір ойыншық алу үшін 25 попытка жасау керек екен, сонда 25×200 =5 000 Автоматтағы 250 теңгенің ойыншығын алу үшін 5 000 теңге жұмсалады екен, балалардың лудоман болмағанда несі қалды? Жансая МЕШИТБАЕВА, қоғам белсендісі. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар