Балаларға бұт-аяғын уқалатқан Әбдіжаппар Сманов сотталды?

Балаларға бұт-аяғын уқалатқан Әбдіжаппар Сманов сотталды?

Кеше Оқу-ағарту министрлігі өкілдері брифинг өткізді. Сол брифингте балаларға бұт-аяғын уқалатқан "Сарыағаш" медресесінің имамына қатысты мәселе де сөз болды.

«Тотал.кз» сайтының журналисі Айнұр Коскинаның сұрағына жауап берген министрліктің балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанованың айтуынша, атышулы Сарыағаш медресесінде балалар құқығы бұзылғаны дәлелденіпті. Жас балаларға бұт-аяғын уқалатқан Әбдіжаппар Сманов, медресе жатақханасында тұратын балаларды тамаққа жарытпай, буллингке жол беріп, ғимаратта санитарлық және өрт қауіпсіздігі талабын сақтамағандар жазаланыпты. Төрайым Насымжан Оспанова медресе басшылары жөнінде «сотталды» деді, ал балаларын «еті - менікі, сүйегі - сендердікі» деп Смановтар билеп-төстеп отырған медресеге беріп қойып, беймарал жүрген ата-аналарға айыппұл салыныпты. Дегенмен Насымжан Оспанова медресе басшыларының қайсысы қандай жаза алғанын нақтыламады. Министрлік өкілі Оспанованың сөзін нақтылау үшін қазір журналистер тобы Түркістан облысында зерттеу жүргізіп жатыр. Алматылық белсенді Әсел Таухан Сарыағаш медресесіне заңсыз миллиардтаған теңге бөлген Түркістан облыстық Білім басқармасын сотқа берді. Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист. Фото интернеттен.
Барлық жаңалықтар