Атышулы блогер Сабина Мовлаева Канн фестиваліне қатысты

Атышулы блогер Сабина Мовлаева Канн фестиваліне қатысты

Қазақстандық атышулы блогер Сабина Мовлаева Францияда Канн фестиваліне қатысып, голливудтық актерлермен түскен фотосын жариялады.

Ол Канн кинофестивалінде қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті.

"Бізде түнгі сағат 1 болды. Ойлаңыздаршы, төрт көйлек кидім, 3 мәрте Канн фестиваліне бардым. Шаршадым. Ертең үйге қайтамын. Бәрі "Where are you from?" деп сұрап жатыр. Бәріне қызық, менің қай жақтан келгенім", - дейді Сабина Мовлаева.

Еске салайық, танымал блогер Сабина Мовлаеваны көпшілік порнофильмге қатысы бар деп айыпталған еді.

Әлеуметтік желіде Сабинаға ұқсайтын қыздың интимді видеосы тарады. 1 миллионнан астам оқырманы бар блогер сол видеоға қатысты жекесіне толассыз хаттар келіп жатқанын айтты. Сабина видеодағы қыздың өзі емес екенін дәлелдей алмай әлек.

“Қанша рет айттым, видеодағы қыз мен емеспін. Адамдар мазақ етуін тоқтатар емес. Бұл менің намысыма тиеді. Екі апта бұрын Наурызбай аудандық ішкі істер басқармасына арыз жаздым. Адамдардың маған жазған ерсі хаттарын скрин жасап, соларға бердім. Бірақ полиция әлі ол адамдармен сөйлеспепті. Олар әлі ұсталмаған. Сол себепті алаңдаулымын. Бұл істі өзім қолыма алмасам, жабулы қазан жабулы күйінде қалады. Сіздер бұл видеоның соңы неге апарып соғатынын білмейсіздер. Бұл менің болашағыма әсер етеді. Ар-намысыма тиеді. Мен – анамын. Неге олай етесіздер? Бұл видеоны менің қызым көрсе, не болады”, – дейді ашынған блогер.

Барлық жаңалықтар