Аттракциондағы өлім суицид пе?

Аттракциондағы өлім суицид пе?
Алматыда айналмалы дөңгелектен құлап кеткен әйел өлер алдында қызын тұншықтырып өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.  Алматыдағы Горький саябағындағы әйел өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Айналмалы дөңгелектен секіріп кеткен әйелдің Алматы облысының Іле ауданында тұратыны, өз-өзіне қол жұмсамас бұрын өз үйінде кішкентай қызын тұншықтырып өлтіргені анықталды.Полиция департаменті ақпаратты растады. "Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді", – делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында. Фото интернеттен алынды.
Барлық жаңалықтар