"Ата-аналардың түсінігін өзгерттім" дейді мектеп директоры

"Ата-аналардың түсінігін өзгерттім" дейді мектеп директоры

Тиктокер мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза ата-аналардың мектепке қатысты көзқарасын қалай өзгерткені туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

"Жұмысқа келгенімде, "ата-аналар чаты" деген болды. 800-ден астам ата-ана отыратын ортақ чат екен. Таңғалдым. 800-і 800 жақтан жазғанда... Нақты бір проблеманы ғана сөз етпейді ғой. "Мектептің автобусы кешігіп жатыр" деп біреуі жазса, артынан әрбірі "бес тиынын қыстырып"... Әрбір ата-ананың проблемасын тыңдау да оңай емес. Амал жоқ, барлығының мәселесін тыңдауға, кемшілікті түзетуге бар күшті салуға тура келді. Ата-ананың мектепке деген көзқарасын өзгерту қажет болды. Содан жаңа жылда мектептің бүкіл ата-анасына арнап банкет жасадық. Мыңдаған кісі анталап маған қарап тұрғанда, қорықтым да. Әйтсе де, сол банкетте ата-аналардан тек алғыс алдым", - дейді Ақмоншақ Нұртаза. Фото интернеттен. https://www.tiktok.com/@aqmonshaq_nurtaza/video/7502483759539834118?_r=1&_t=ZM-8wFMsy5R1AT
Барлық жаңалықтар