Ата-аналар чатындағы қырылыс: Бұзақы бала қайдан шығады?

Ата-аналар чатындағы қырылыс: Бұзақы бала қайдан шығады?

Қазір чат көп. Ата-аналар чаты, сыныптың чаты, ата-аналар чаты ұстазбен, ұстазсыз, іс-шараға арналған чаттар…кете береді. Және бұл чаттар әр сыныпта бар.

Мектеп жасында 3-4 балаң болса сол чаттарың тыным таппайды ғой. "Хорошо что" менің телефонымда емес…. Жүз түрлі адам, жүз түрлі пікір, бітпейтін сұрақ… Балаларымның анасы кейде, “Құдая тобааа” деп күйіп-пісіп отырады. Бала ғой. Кейде ұрсып қалады. Кейде бір-бірін түртіп, болмаса мазақтап сөз айтып шекісіп қалады…. Оны ойын баласы бірер күнде ұмытып, қайтып ойнап кетуі де мүмкін. Жоооқ, ата-аналар чатта “қырылып” жатады. “Балаңды үйт, тәрбиесін бүйт…болмаса барып өйтеміз, бүйтеміз…”. Бұл ата-ананың әңгімесі. Қазір “өзің тиме, бірақ тиіссе аяма”,-дедім деген ұстаным шықты. Ата-ананың баласына ең көп беретін ақылы. Ұрсып қалған балалардың ата-анасының “Давайте ертең мектепке барып балаларды татуластырайық, бір-бірінен кешірім сұрасын, дос болсын…тіпті достықтары беку үшін өзіміз балалармен бірге барып шәй ішейік, туған күніне келсін…көп қой жолы”,-деп жатқан адам аз. Бәріне өз баласы "прав"! Сосын бала өсе келе бірін-бірі майып қылып, өлтіріп жатса…кім тәрбие берген деп өре түрегелеміз. Өзіміз ғой. Тәрбиеміз осы енді… Сіз не дейсіз? Ербол СӘБИТОВ, қоғам белсендісі. Фото көрнекілік үшін.  
Барлық жаңалықтар