Ата- әже баққан балада ішкі еркіндік болмай ма?

Ата- әже баққан балада ішкі еркіндік болмай ма?

Әлеуметтік желідегі парақшасында экономист - сарапшы Сәбит Рысбаев ата-әже институтына қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Өз жазбасында Сәбит Рысбаев баланың ата-әжесінің қасында өсуіне байланысты өз пікірін білдірді. "Ата әже институты демекші. Өмірімде ондай нәрсе көрмегем. Соны көргендер керемет ақылды болып кетеді деп те ойламаймын. Ата әжесінің баласы болып лудоман болған және өзін өлтіріп қойған 2 жігітті білемін. Не болса да адамның өзіне байланысты сияқты. Керісінше ондайлар өздерін еркін ұстай алмайтын секілді. Ата әжелердің заманы көбінесе жоқшылық заман болатын. Әр нәрсені тығады. Жаңа киімді тек қыдырғанда киеді деген түсініктері бар. Алда бір ашаршылық келе жатқандай дәмділерін тығады. "Ошым" мына өмірдің кедейлерге берген аз маз қызықшылығын да тықпыштап өмір сүреді. Сол үшін ата әже институты дегенді онша қолдамаймын. Бала әке шешесімен еркін өскені дұрыс секілді. Ата әжемен қыдыруға, оларды қуантуға, уақыт өткізуге болады. Бірақ "прям" солардың баласы болып жазымен 3 ай өткізуді түсінбеймін. Ата әже институтын 1 күн оқымасақ та бұзылып кетпедік өзіміз", - деп жазды Сәбит Рысбаев. Оның бұл жазбасына қатысты оқырмандары түрлі пікір жазуда. Бірі "ата-әженің тәрбиесінде болған бала мықты болады" десе, енді бірі "дұрыс, ата-әжеге бала бақтырып керегі жоқ" деген пікір жазуда. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар