"Астананың қайыршы мұғалімдері" деген журналист реніш білдірді

"Астананың қайыршы мұғалімдері" деген журналист реніш білдірді

Әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Майгүл Ерназарова астаналық кей мұғалімнің ұят қылықтарын айтып жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Өз жазбасында журналист астаналық кей мұғалімдердің өз оқушыларынан ашық сыйлық сұрайтынын айтады. "Астананың қайыршы мұғалімдері. 1-сынып оқушыларына апайлары: “Дүйсенбі күні менің туған күнім, қандай сыйлық әкелесіңдер? - деген үй тапсырмасын беріпті. 11-сынып оқушыларының ағайы сыныптың ата-аналар чатында “Туған күніме 12 оқушы ғана ақша жіберді, қалғандарына қадірім жоқ екен” деп ренжіп жазған. Бұл ағайға бітіруші оқушылар 10 мыңнан қосылып сыйлық дайындап жатқан көрінеді. Сонда деймін де бұл байғұстар еңбекақы алмай ма, мемлекеттік мектептерде айлық төленбей қалған ба?" деп жазды Майгүл Ерназарова.  Журналистің бұл жазбасына қатысты оқырмандары мұғалімдердің мына тірлігіне реніштерін білдіріп, "мұғалім деген аттан садақа кетсін" деген пікірлер жазуда. Фото көрнекілік үшін.  
Барлық жаңалықтар