"Аруаққа арнап шелпек пісіріп, мал сою - харам" дейді діндар (ВИДЕО)

"Аруаққа арнап шелпек пісіріп, мал сою - харам" дейді діндар (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде түрлі қазақы наным-сенімдерді "харам" деп өз бетімен пәтуа жасағыш діндар жігіт тағы да ұлттық дүниетанымдарды "харам" деп жұртты шулатуда деп жазады Democrat.kz.

Қазақтың ықылым заманнан келе жатқан, әр бейсенбіде шелпек пісіріп, иіс шығарып, шамасы жетсе, мал сойып, аруаққа жасалатын құрметін төмендегі видеодағы діндар жігіт "харам" дейді. Діндардың пайымынша, иіс шығарып, шелпек пісіруге, аруаққа арнап мал соятындарға заңмен тыйым салу керек екен. "Осыларға (яғни, иіс шығару, мал сою, аруаққа құрмет жасауды айтатындарға - ред.) заңмен тыйым салуға, штраф салуға болмай ма? Біздің дәстүрлі дінімізге қарсы нәрселерді насихаттап ашық айтып жүр. Бұларға ешкім ештеңе демейді. Аруаққа арнап иіс шығарамыз, мал соямыз дейді бейсенбі күні. Ал бұл мұсылмандыққа салсақ, харам болады. Мұсылман малды Аллаһ разылығы үшін сояды, ал шелпекті тек жеу үшін пісіреді және садақа үшін пісірген бұрын. Ал иіс шығару, шелпек пісіру деген бұрын қазақта болмаған" деген діндар бала жұртқа бұлай адаспауды ескертті. Фото видеодан скринделді. https://www.tiktok.com/@tkulperdissov/video/7496058661492526342?_t=ZM-8wOZCDtCHeX&_r=1
Барлық жаңалықтар