АҚШ-та әуеге көтерілген ұшақ отқа оранды

АҚШ-та әуеге көтерілген ұшақ отқа оранды

АҚШ-та әуе кемесі ұшқаннан кейін көп ұзамай қозғалтқыштардың бірі ауада отқа оранды. Апатқа турбинаға түскен құс себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшақ Индианаполиске ұшуы керек еді. Бірақ ұшқаннан кейін бірнеше минуттан соң әуежайға қайта оралды. "Куәгерлердің айтуынша, олар алдымен қатты жарылыс дауысын естіген. Содан кейін қозғалтқыштан түтін шыққан. Ұшқыштар сол сәтте жедел әрекет етіп, әуежайға қарай бет алған. Нәтижесінде Boeing 767 сәтті қонды”, – делінген хабарламада. Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетті. Зардап шеккендер жоқ. Мамандар апаттың неден болғанын анықтап жатыр.
Барлық жаңалықтар