Әнші Садраддин қайырымдылық қорға жиналған ақшаға концертін өткізді деген ақпарат тарады

Әнші Садраддин қайырымдылық қорға жиналған ақшаға концертін өткізді деген ақпарат тарады
Танымал әнші Садрадиннің концертіне “Елге көмек” қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев ақша бөлген. Блогер әншіге демеуші болып, 50 миллион теңге берген деген ақпарат тарады. Заңгер Нұрсұлтан Орынбектің айтуынша, Ілияс Сариев лудоманияға тәуелді болған. Одан кейін сахнада өнер көрсетуді де көздеп жүрген.   "Лудоманнан бөлек әнші боламын деп жүрген жігіт қой. Әнші Садраддиннің концертіне 50 млн теңге бөлді дегенді естідім. Оны көпшілік айтып жүр. Халық айтса, қалып айтпайды. Садраддиннің концертіне қомақты қаржы бөлгенін құлағым шалып қалды. Өткенде осы Сариевтің ісіне қатысты бірнеше факті шықты. Осының түбін бір зерттеп көру керек. Расымен солай болды ма? Әншінің кінәсі жоқ, бірақ бұл фактілерді тексеру керек. Егер 50 млн теңге аударғаны расталса, алданған ақша екені дәлелденсе, әнші Садраддин ар-ұят тұрғысынан халықтың ақшасын кері қайтаруы керек", – деді заңгер. Айта кетейік, "Елге көмек" қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариевке қатысты тергеу басталғанын жазған едік.   Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Сариев ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Қазір 30-дан астам адам жәбірленуші ретінде танылған. Сариев қазір қамауда отыр.
Барлық жаңалықтар