Әнші Бүркіт балаларын "нағыз мектепке" ауыстырғанын айтты

Әнші Бүркіт балаларын "нағыз мектепке" ауыстырғанын айтты
Журналист Әйгерім Сейфолламен сұхбатында әнші Бүркіт бала тәрбиесіне қатысты ұстанымын айтты деп жазады Democrat.kz. "Балаларым элиталық жеке мектепте оқитын. Бір сыныпта 13-15 бала ғана оқиды. Барлық жағдайы жасалған. "3"-ке оқысаң, "4" қояды. Ақылы мектеп деген соң, сондай болады ғой. Алайда мен бір сыныпта 30 бала оқитын, сыртқа шыққанда "ой әкең" деп алысып-жұлысып, ортасы қайнап жатқан жай мектепке ауыстырдым. Себебі жай мектеп нағыз өмірді үйрететін мектеп қой. Балаға үлкенді, мұғалімді сыйлауды, өмір сүруге бейімдеуді үйрететін - кәдімгі мемлекеттік мектеп. "Сен жақсы баласың" деп басынан сипайтын, баланың асты-үстіне түсетін ақылы мектеп балаға өмір үйрете қоймайды", - деген әнші балаларын қазақ мектебіне ауыстырғанын айтады. Фото интернеттен. https://www.tiktok.com/@tv7_kz/video/7459000517608443141?_r=1&_t=ZM-8ud0a8z9JsU
Барлық жаңалықтар