"Анамның қарғысы өмірімді қор етті" дейді Баян апай

"Анамның қарғысы өмірімді қор етті" дейді Баян апай
Qazaq.airan-ның кейіпкері өзінің өкініші мен қазіргі өмірі туралы айтты деп жазады Democrat.kz. Жасы қырықтың қырқасынан асқан келіншек кішкентайынан ата-анасынан тиісті жылуды, мейірімді ала алмағанын, отбасында қыз болғаны үшін кемсітушілік пен қорлықты көргенін айтады. Ата-анасына деген өкпесін бөліскен ол:"Тек ұлдарға емес маған да кішкене болсын көңіл бөлгендерінде, үйден қашпас па едім, мынадай күйге түспес едім. Үнемі сен анаусың, сен мынаусың. Неге тудым сені? Сені тумауым керек еді, деп 4 жасымнан бастап айтып келген. Бірдеңе істелмей қалса сен кінәлі боласың, ұлдар бірдеңе бүлдірсе сен кінәлі боласың. Содан соң жүрегіңде ешкімге жылу қалмайды екен. Не әкеңе, не шешеңе. Ата-анаң марқұм болды дегенді естігенде "иманды болсын" дедім де қойдым, басқа не деймін. Мен ол үйден шығып кеткенде кішкентай қыз едім, сонда біреуі тоқтатты ма мені? Ит те баласын жақсы көреді ғой. Әлі күнге дейін жүрегімде бірдеңе тұрады, жылаймын бірақ не істеймін" дейді қайыршылықпен күні өтіп жатқан Баян апай. Сұхбат барысында Баян апай "бәлкім, сонау кішкентайымда шешем қарғап-сілемесе, кемсітіп, қорламаса, қазір мынадай сорлы өмірді сүрмес пе еді" деп көзіне жас алады. https://www.tiktok.com/@qazaq.airan/video/7428959871606803717?_t=8s9S1Uq3rIj&_r=1  
Барлық жаңалықтар