Алматыда тағы автобус апаты болды

Алматыда тағы автобус апаты болды
Алматыда жолаушылар автобусы жол-көлік оқиғасына тап болды. Куәгерлердің оқиға орнында түсірген видеосы желіде жарияланды, деп хабарлайды Democrat.kz. порталы KAZ.NUR.KZ -ке сілтеме жасап. Telegram-дағы арналардың бірінде жол апаты Алматының Шаляпин және Әшімов көшесі қиылысы тұсында болғаны хабарланды. Жол-көлік оқиғасы туралы Алматы қалалық полиция департаментінің өкілдері түсінік берді. "Бұл жол-көлік оқиғасы наурызбай ауданында сағат 09:15-те болған. Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, аялдамада тұрған № 137 бағыттағы жолаушылар автобусына соқтығысты. Автобус инерциямен жолдың шығыс бетіне шығып жеке үйдің қоршауына соғылған. Алдын ала мәлімет бойынша 9 адам зардап шекті ", - делінген хабарламада.
Барлық жаңалықтар