Алматыда ер адам биіктен құлап мерт болды

Алматыда ер адам биіктен құлап мерт болды
Алматыда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам 11-қабаттан құлаған.
Алматы Полиция департаменті бұл дерек бойынша мән-жай анықталып жатқанын жеткізді.
"Бұл дерекке қатысты Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс тіркеді. 26 жастағы азаматтың өліміне не себеп болғаны, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деді полицияның баспасөз қызметі өкілі.
Барлық жаңалықтар