Америкалық әнші Дженнифер Лопес Қазақстанда екінші концертін өткізеді. Ол 10 тамыз күні Алматыда өтеді.
"Дженнифер Лопеспен екінші қосымша концерт өткізу туралы келіссөздер іс жүзінде соңғы сатысында тұр", – деді Хасенов.
Ол екінші концертті өткізу идеясы билеттер бірінші Астана концертінде толық сатылып кетсе ғана қарастырылғанын атап өтті.
Алайда бүгін, сұхбат жарияланған соң, Динара Сәтжан мен Малик Хасенов Instagram-дағы бірлескен жазбасында концерттің міндетті түрде өтетінін хабарлады.