Алмас Кішкенбаевтың соты бүгін өтеді

Алмас Кішкенбаевтың соты бүгін өтеді
Алмас Кішкенбаевқа қатысты іс сотқа жолданды, ол бүгін қаралады. Іс 31 қаңтарда қаралуға тиіс болған, алайда 3 ақпанға шегерілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Жоғарғы Сот сайтындағы сот кабинетінде жарияланған материалдарға сәйкес, Алмас Бексейітұлы Кішкенбаевқа қатысты іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалған. "2024 жылғы 31 қаңтарда жәбірленушінің, яғни, кәмелетке толмағанның заңды өкілінің іспен танысуына байланысты қарауды басқа күнге шегеру туралы ауызша өтініші бойынша істі қарау мүмкін болмады", - делінген құжатта. Істі әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарайды. Сот отырысы бүгін сағат 17:20-да өтеді. Айта кетейік, Қазақстанда Алмас Кішкенбаев есімімен танымал әнші бар. Ол "SuperStar.KZ" шоуына қатысқаннан кейін көпке мәлім болды.
Барлық жаңалықтар