Айнұр Тұрсынбаева: "Қаншама халық қырылып қалды"

Айнұр Тұрсынбаева: "Қаншама халық қырылып қалды"

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Ыстамбұлдағы магнитудасы 6,2 балл болған жер сілкінісінің видеосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі бүгінде Ыстамбұл қаласында тұрып жатыр.

“Дүкенде жүр едік. Іші шайқалып кетті. Бәріміз далаға атып шықтық. Алла сақтасын! Ыстамбұлды бір жер сілкінісі болады деген. Осымен бәрі бітсе екен. Бәрі бала-шағамен далада, босып жүр. Қайбір жылы 50 мың адамның өмірін қиған жер сілкінісі болып еді. Қаншама халық қырылып қалды. Адамдар паника болып жатыр. Халық қатты қорқып қалған”, – деді психолог-коуч.

 
Барлық жаңалықтар