"Айнұр Тұрсынбаева - бүкіл елді "уахабист" етіп шығаруда" дейді сынықшы Бағдагүл

"Айнұр Тұрсынбаева - бүкіл елді "уахабист" етіп шығаруда" дейді сынықшы Бағдагүл
Әлеуметтік желіде тараған видеода сынықшы Бағдагүл айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваға қатысты сұмдық мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz. "Айнұр Тұрсынбаеваның мынау компаниясы  - қазақстандықтардың бәрін "уахабист" етіп шығарады. Бәрі оранып, қап-қара болып киініп алады. Анау Перизат та соның істегені ғой. Арабтар бұларға ақша төлейді. Қап-қара киінген суреттерін шейхқа жібереді. Біздің айтыстан бас тартқан Айнұр Тұрсынбаева мен Сара айтысты тоқтатқандар. Бұлар арабтың құлы болып кеткен. Ертең біз салт-дәстүр бәрін жоғалтамыз. Миы бір уланған адам қайта түзелмейді. Сондықтан бұл әйелді (Айнұр Тұрсынбаеваны) елге кіргізбеу керек" деді сынықшы Бағдагүл. [video width="576" height="1024" mp4="https://democrat.kz/wp-content/uploads/2025/03/WhatsApp-Video-2025-03-02-at-23.11.06.mp4"][/video]
Барлық жаңалықтар