Екінші рет тұрмыс құрып, АҚШ-қа қоныс аударған Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде жақсы жаңалығымен бөлісті. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Кеш жарық, қадірлі менің оқырмандарым! Былтырғы 2024 жылдың 23 ақпаны күні жолдасым Ерлан екеуміздің заңды некеге отырып,шаңырақ көтерген күніміз болатын. Биыл 1 жыл толып отыр. Құттықтап қоюларыңызға болады. Әрбір адам баласының тағдыры- бір Жаратушының қолында. « Әйел қырық шырақты «-деген осы шығар. Әрбір Әйел бақытты болуға лайықты!!», — деп жазды өнер иесі.
