Айбек Оралбай қарсыласын нокдаунға жіберді

Айбек Оралбай қарсыласын нокдаунға жіберді
Бокстан 92 келі салмақтағы Айбек Оралбай жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлады Ulyssport.kz Париж Олимпиадасына алғаш рет қатысып жатқан 92 келідегі Айбек Оралбай 1/8 финалда Нигерия спортшысы Олетен Олаорені сенімді түрде жеңді. Жерлесіміз тіпті алғашқы раундтың соңында қарсыласын нокдаунға да жіберіп үлгерді. Ал қалған уақытта жекпе-жекті толық бақылауда ұстап, 5:0 есебімен басым түсті. Айбек Оралбай ширек финалда Олимпиаданың 2 дүркін чемпионы Хулио Ла Крус (Куба) – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Альфонсо Домингес (Әзербайжан) жұбының жеңімпазымен кездеседі.  
Барлық жаңалықтар