АЭС референдумына қанша теңге жұмсалмақ?

АЭС референдумына қанша теңге жұмсалмақ?
Қазақстан АЭС-ке қатысты референдумды өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсамақ, - деп хабарлайды Dalanews.kz Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты. "Референдум туралы заңның 20-бабына сәйкес, біз орталық референдум комиссиясы Үкіметке шығын сметасын жобасын дайындап жібереміз. Бүгін таңертең оны істедік. Орталық комиссияның дайындаған сметасында шығыстардың жалпы сомасы 15,5 млрд теңге", - дейді Мұстафина. 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды. АЭС салу мәселесіне қатысты Ұлттық Референдум 6 қазанда өтеді. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Барлық жаңалықтар