"8 наурызда үлкен күйзеліске түсем" деді Дина Төлепберген ескерту жасады (ВИДЕО)

"8 наурызда үлкен күйзеліске түсем" деді Дина Төлепберген ескерту жасады (ВИДЕО)
Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Дина Төлепберген 8 наурыз мейрамына қатысты ой-пікірімен бөлісті деп жазады Democrat.kz. "8 наурыз мейрамында мен үлкен күйзеліске түсемін. Өйткені бұл мейрамның шығу тегіне байланысты түрлі пікір дауға түседі. Бұл күнді "жезөкшелер мейрамы" дейтіндер де бар. Тұңғыш қазақ әйел журналист Назипа Құлжанованың кітабын оқып шықтым. 1923 жылғы мақаласында ол "13 жыл бұрын Копенгаген шахарында теңдікке қол жеткізу мақсатында әйелдер 8 наурызды әйелдер мерекесі деп қабылдауға шешім шығарған. Бірақ біз бұл мерекеге ұзақ уақыттан кейін келдік" деп жазады. Біреудің әйелі туса, "не туды?" деп сұрайды. Қыз туса, "47"  деп қалыңмал мөлшерін білдіретін сөз айтылған. Бұл ащы шындық М.Дулатовтың шығармасында да айтылады. 8 наурызда еркектер бізге гүл сыйлайды. Бұл жай ғана сыйлық емес, бұл мейрамда гүл сыйлаған еркек әйелді өзімен тең деп санап, мойындауын да білдірсе екен" деген журналист еркек өзін мойындасын деген әйел сілкінуі, оянуы керегін ескертті. Фото интернеттен. https://www.tiktok.com/@dina_tolepbergen/video/7479357797306535223?_r=1&_t=ZM-8uXBbUDimjX
Барлық жаңалықтар