150 миллион қарызы бар отандасымыз 290 миллион теңге джек-пот ұтты

150 миллион қарызы бар отандасымыз 290 миллион теңге джек-пот ұтты

150 миллион қарызы бар отандасымыз 290 миллион теңге джек-пот ұтты. Онымен қоймай ел рекордын жаңартты.

«LOTO 6/49» лотореясының 289 755 700 теңгелік джек-поты Қайрат есімді азаматқа бұйырды. Салтанатты құттықтау рәсіміне ол бет-жүзін көрсетпей жұлдыз костюмін киіп келген. Онысы түсінікті. Мұндай жағдайда анонимділікті сақтаған дұрыс. Қылмыскерлер, алаяқтар, тіпті ешқашан хабарласпаған алыстағы ағайын дәл осындай кезде қаптап кетеді. 290 миллион теңге - тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі лотереялық ұтыс. «LOTO 6/49» лотореясының джек-поты ұзақ уақыттан бері қордаланып келген еді. Бұл тиражды лоторея. Қырық тоғыз нөмірдің ішінен алты нөмірді табу керек. Алты сан дәл келсе джек-пот сіздікі. Қайрат 33, 19, 10, 48, 32, 18 сандарын дәл тапқан. Ұтысқа кенелген кәсіпкер пандемия кезінде бизнесі жүрмей 150 миллион теңге қарызға батып кеткенін айтады. Енді ұтыстан барлық қарызын жаппақ. Қалғанын кәсібін жаңғыртуға бағыттайды. Өмірде ғажайыптарға сенген дұрыс. Сенген адам ғана жетістікке жетеді. «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы Қазақстанда заң бойынша лоторея ұйымдастыратын ресми оператор ретінде бекітілген. Тек осы компания ұйымдастыратын лотореялар ғана заңды болып табылады. Айбар ОЛЖАЕВ, экономист-сарапшы. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар